» » Көмекбаев ауылындағы Жеңіс күні

Көмекбаев ауылындағы Жеңіс күні

«Несіне қуанасың, бала батыр?» деп еді ақиық ақын, телегей жырлардың авторы М.Мақатаев. Жазулы тұрған хатпен тең дейтін тірі тарих, шежіре, ардагер ақсақалдардың азайып бара жатқаны мұңайтады. Т.Көмекбаев ауылдық кітапханашысы Гүлнар Қыпшақбаеваның ұйымдастыруымен Жеңіс күнінде жас толқын ардагерлермен жүздесті.
Шараға тыл ардагерлері Қазтай Қанатов, Серікбай Шамшатов, еңбек ардагерлері Жаңабай Сандыбаев, Шарападин Қайырқұлов, Қалмұрат Шынтеміров және мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды. Ардагерлер тылда жүріп қандай қиыншылықтарды бастан өткергендігі жайында әңгіме өрбітіп, балалардың сұрақтарына жауап беріп отырды. Сұқбат барысында ардагерлер кейінгі өскелең ұрпаққа жақсы білім алып, еңбектену қажеттігін айтты. Сондай-ақ, мұнан кейін елімізде бейбітшілік пен тоқшылықтың мәңгі сақталуын тіледі.
Кеште оқушылар өлеңдер оқып, көріністер көрсетті. Оқырмандар «Ер есімі ел есінде мәңгілік» атты соғыс тарихынан сыр шертетін кітаптар мен фотоальбомдар көрмесімен танысты.
Шарападин Қайырқұлов,
Еңбек ардагері
Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны.
11 мамыр 2018 ж. 2 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930