» » Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазынаның" маңызды жобаларымен танысты

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазынаның" маңызды жобаларымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Мемлекет басшысына Қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция құю мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Президентке Қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, Қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берді.

massaget.kz
03 шілде 2023 ж. 359 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031