Бір жылда ұн бағасы 16% қымбаттады
ҚазАқпарат – Елімізде ұн қымбаттады, дегенмен өндіріс сол деңгейде қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Ұн бағасының 20% астамға өсуі бірден жеті өңірде тіркелді.
Қазақстанда дәнді және өсімдік дақылдарынан ұн өндіру биыл қаңтар–мамыр айларында шамамен 1,4 млн тоннаны құрады. Іс жүзінде көрсеткіш бір жылда өзгеріссіз қалды. Оның 1,3 млн тоннасы ұсақ ұнтақталған бидай немесе суржик ұны. Бұл өткен жылғы қаңтар–мамырға қарағанда 0,2% жоғары. Өз кезегінде ұсақ және ірі ұнтақталған өсімдік ұнын өндіру 3,1 мың тоннаны құрады. Көрсеткіш өткен жылға қарағанда 21,8% төмен.
Бидайдан бөлек, дәнді дақылдардан ұсақ тартылған ұн өндірісі бір жылда бірден 30,8%, 1,9 мың тоннаға азайған. Ал нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспалар өндірісі 1,7%, яғни 87,7 мың тоннаға артты.
Дәнді дақылдардан жарма, ірі ұнтақталған ұн, сондай-ақ өзге де өнімдер шығару 25,5%, 33,3 мың тоннаға төмендеді.
Биылғы мамыр айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 0,2% өскен. Бұл өткен жылғы мамырмен салыстырғанда 16,2% жоғары. Салыстырып қарасақ, өткен жылы айлық өсім – 6,8%, ал жылдық өсім 29,9% болған.
Өңірлер арасында бір жылда ұнның ең көп қымбаттауы Павлодар облысында байқалды, бірден 41,8%. Одан кейін Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары, тиісінше 39,1% және 34,5%. Бағаның ең аз өсуі Шымкент (жылына 2%), СҚО (8,4%) және Қарағанды облысында (11,2%) тіркелді.
Ұн бағасы бір өңірде, яғни Алматы облысында ғана арзандады, бірақ тек 0,9%.
Биыл мамырда жоғары сұрыпты бидай ұнының орташа бағасы 375 теңгені құрады (бір жыл бұрын 322 теңге болған). Баға 297 теңге (Павлодарда) – 442 теңге (Астана) аралығында құбылып тұр. Жоғары бағалар Атырау мен Ақтауда (қалалардың әрқайсысында келісі үшін 428 тг) тіркелген. Арзан ұн Ақтөбе мен Қарағандыда (келісі үшін 300 тг және 303 тг) сатылуда.
Өткен жылы мамырды бірінші сұрыпты бидай ұнының келісі 210 теңге тұрса, биыл мамырда 236 теңгеге өсті.
inform.kz