» » Ғарыш айлағындағы үлгілі мектеп

Ғарыш айлағындағы үлгілі мектеп

qarmaqshy-tany.kz Мектеп – келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де қасиетті ұя. Болашақ үшін орны бөлек орынның жанға жайлы болғаны бұл бір бақыт.
Талай шәкіртке алтын ұя атанып, олардың өмірден өз орнын алуға қолдау көрсеткен білім ордасының бірі – Байқоңыр қаласындағы №274 орта мектеп. Бүгінде білім ошағына білікті маман Аманжан Жиенбаев басшылық етеді. Бұл өзіндік тарихы, халық ағарту саласында дербес орны бар білім ошағы.

Мектептің тарихына келер болсақ, 1970 жылы Ленинск қалалық комитетінің 15 шілдедегі шешімімен Қазақстанның 50 жылдығы атындағы №222 орта мектебі болып ашылған. Мектеп 1994 жылдың 1 қыркүйегінде қала әкімінің қаулысымен қазақ тілінде оқытатын №6 орта мектеп болып қайта жасақталды. 1997 жылы Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына орай, мектепке ұлы жазушының есімі берілді. 2010 жылдың қарашасынан мемлекеттік білім беру мекемесі М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп болып аталды.

Білім ұясы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласында орналасқан қазақ тіліндегі жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын Қызылорда облысының әкімдігінің теңгеріміне беру туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы келісімге сәйкес, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңдарына сәйкес 2015 жылдың 23 маусымында Қармақшы аудандық әкімінің №744 қаулысы бойынша №274 коммуналдық мемлекеттік мекемесіне айналды.

Осы жылы мектепті 58 сынып бойынша 1314 оқушы аяқтады. Мұғалім саны – 125. Оның ішінде педагог зерттеуші – 17, педагог сарапшы – 43, педагог модератор – 42, санаты жоқ – 24. Сонымен қатар мектепте 2 психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, аға тәлімгер, музыкалық жетекші, дефектолог, 2 кітапханашы мен 48 техникалық қызметкер еңбек етеді.

– Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін ең бірінші – мектептегі кадр білікті болуы тиіс. Екіншіден, оқу бағдарламасы баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы, оқулықтың сапасы. Біз үш таған дейміз, яғни мұғалім-атаана-оқушы тығыз байланыста болуы қажет. Мәселен үйде ата-ананың міндетті түрде қолдауы және бақылауы қажет. Ата-ана мектеппен үнемі байланыста болып, баласының оқу деңгейінен хабар алып тұрғаны жөн. Одан кейін баланың оқуға деген ынта-ықыласы болуы қажет. Ал оны оятып, білімге қызықтыратын біз – ұстаздармыз. Көп нәрсе ұстаздарға байланысты ғой. Осы орайда мектеп ұстаздары оқушы шығармашылығын шыңдауда түрлі байқауда топ жарып жүр, – дейді мектеп директоры А.Жиенбаев.

Мектепте 32 оқу кабинеті, спорт, мәжіліс залы, кітапхана, 2 компьютерлік кабинет, 1 лингофон кабинеті, 2 оқу-өндірістік шеберханасы, асхана, медкабинет және егу кабинеті, мұражай жұмыс істейді.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша екі оқушы Фарида Сергеева мен Ақтоты Жолдыбаева «Алтын белгіге» бітірді. Жалпы 23 бітіруші аттестат алды, оның 23-і ҰБТ тапсырды. ҰБТ-дің қорытындысы бойынша орта балл 90,4 пайыз көрсеткіш көрсетті. «Алтын белгі» иегерлері ұстаздарының сенімін ақтап шықты. Түлектердің орналасуы 100 пайыз болды, 18 түлек грант иегері болды. Республика бойынша «Үздік 100 мектеп» топ қатарына кірді. Сондайақ өткен оқу жылында аудан бойынша «Үлгілі мектеп – 2022» номинациясын жеңіп алды.

Оқушылардың жетістігіне келер болсақ, 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінен биология пәнінен Альбина Пауадинова ІІІ орын (жетекшісі А.Бисембаева), 9-11-сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен республикалық байқаудың облыстық кезеңінен Дәулет Нұрболатов І орын (жетекшісі Р.Ильясова), «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінен математика пәнінен Ислам Жақсылықов ІІ орын (жетекшісі Е.Айболат) иеленді. Ал 9-11-сынып оқушыларына арналған Қазақстан тарихы пәнінен олимпиаданың республикалық кезеңінен Дәулет Нұрболатов (жетекшісі Р.Ильясова) жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.

Биылғы жылы мектепті 50 түлек бітірді. 11 «А» сынып білім алушысы Алина Мырзабекова, 11 «Ә» сынып білім алушылары Нұрай Болатова, Аружан Өміртаева жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгіге», 11 «Ә» сынып білім алушысы Ерсұлтан Қаниев, 11«Б» сынып білім алушылары Расул Съездов, Ұлжан Жеткергенова жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер. Республикалық жалпы білім беретін пәндік олимпиададан Қазақстан тарихы пәнінен 2 орын иеленген Дәулет Нұрболатов (жетекшісі Роза Ильясова) екі университеттің (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Семей қаласындағы Шәкәрім университеті) грант иегері атанды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
29 маусым 2023 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 010

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031