» » Үкімет су мәселесін талқылады

Үкімет су мәселесін талқылады

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар су ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша құзырлы органның және бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелерін қарастырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұдан бөлек, Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.

Әлихан Смайылов Экология министрлігіне су шаруашылығы саласына цифрлық технологиялар мен тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (ТБЖ) енгізуді жеделдету қажеттігін баса айтты. Бұл мониторинг пен жауапты мамандар жұмысының тиімділігін арттырады, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жерасты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды.
29 маусым 2023 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031