» » Нашақорлықпен күрес күніне акция өткізілді

Нашақорлықпен күрес күніне акция өткізілді

Нашақорлық - қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі. Бүгінгі таңда жастарды еліктіріп, жөнсіз жолға тартушылардың дені өз нарығын көздеушілер.


Жастар алдымен үйдегі жақындардың бақылауынан тыс қалып, мейірімге шөлдегенде өзіне қамқорлықты сырттан іздей бастайды. Дәл сол кезеңді бұрыс ойлылар өз пайдасына пайдаланады. Алдымен темекіге, түрлі ішімдікке құмартудан бастаған адам нашақорлық дертіне де тез шалдығады. Мұндай қадамға өзіне сенімсіз, жылулыққа мұқтаж немесе өзінің ішкі проблемаларын шеше алмай күйзелгендер, есірткінің көмегімен барлық проблеманы шешіп аламын деген қате пікірдегілер, бақытсыздық сезіміндегілер,кейде керісінше, эгосы жоғары, бәрін өз басынан өткізуге құмар жандар барады.

Нашақордың өмірі түбегейлі өзгереді. Ол өтірікші, дөрекі, қатал және өзімшіл, соңында қылмыскер адамға айналады. Бірте-бірте оның ойлау қабілеті төмендейді. Достарының сенімін жоғалтып, жақындарынан алыстай бастайды. Соңы тек жалғыздық, ауру, өлімге әкеп соғады.

Ал, нашақорлықпен күресуде қоғам боп, жақындары боп, арнайы мамандар боп ұзақ та тынымсыз күш-жігер, еңбек қажет. Сондықтан алдын алу шаралары бойынша жылда Республика бойынша "26-маусым - Нашақорлықпен күрес күніне" акциялар ұйымдастырылып, жасөспірімдер мен жастарға ақпараттандыру,түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда Қармақшы Аудандық Орталық Ауруханадағы салауатты өмір салтын қалыптастыру және Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының мамандары тынымсыз еңбек етуде. 

Кеше кешке аудандық орталық алаңда "Қармақшы Жастар Рухы" филиалының мамандарымен бірлесе отырып, жастарға түсіндірме жұмыстары жасалынды, LED экраннан бейнероликтер көрсетіліп, АТМ дар таратылды.

26 маусым 2023 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 479
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31