Аттестат алып қолына, аттанды өмір жолына
Оқушы өміріндегі ең маңызды кезең мектеппен қоштасу десек, соның ішінде аттестат тапсыру шарасы үлкен өмірге жол ашатын түлектердің салтанатты сәті. Міне осы қуанышты күн аудан мектептерінде аптаның сәрсенбісінде орын алды. Жалпы аудан бойынша биыл 655 мектеп бітіруші түлекке аттестат табысталды. Оның ішінде, 40 оқушы «Алтын белгі», 68 оқушы «Үздік аттестат» алды.Біз де кент орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепке арнайы барып, ерекше тебіреніске толы маңызды сәттің куәсі болдық.
Түлек жадында мәңгі сақталар салтанаты жиынға ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері, ата-аналар қатысты. «Сәт сапар, жас түлек» атты іс-шара бітірушілердің мектеп, ұстаз жайлы поэзиялық көріністен басталды. Одан соң бишілердің мың бұралған биімен жалғасты.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек мектеп бітірушілерді, ата-аналарды балаларының мектептегі оқуын сәтті аяқтауларымен құттықтап, 40 бітірушіге аттестат табыстады.
– Сіздерді мектепті аяқтап, үлкен өмірге қадам басуларыңызбен құттықтаймын. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен заман талаптарына сай білім беруге ерекше назар аударылуда. Осы ретте сапалы да саналы тәрбие берген ұстаздарға алғысым шексіз. Сендерге тек ата-ана, ұстаздарың ғана емес, ел сенім артып отыр. Себебі Қазақстанның келешегі – сендердің қолдарыңда. Біз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеміз. Сәттілік серіктерің болсын, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізіп, жас түлектерге сәттілік тіледі.
– Ата-ана ұрпағым үлкен биікке шықса деп тілейді. Өйткені өзінің қолы жетпеген армандарыма, балам жетсе екен дейді. Бүгін ата-аналар балаларын «өмір» деген үлкен сапарға шығарып салуда. Ал ұстаз – мектептің жүрегі. Тарыдай болып мектепке келген бүлдіршіндер бүгін таудай болып ұясынан ұшуда. Бүгінгі жас ұрпақ, томағасын алған жас қырандай кеңістікке ұшқалы тұр. Олардың ойында бірі – мектепті қимай тұрса, екіншісі – арман-тілегін ойлап, үлген қиялға беріліп тұр. Біз де солай жасағанбыз, біз де сіздердей оқушы болып, мектептен түлеп ұшқанбыз. Сіздер қасиетті топырақта өмірге келген жансыздар. Киелі Қорқыт баба, үш жүзге пір болған Марал ишан біздің топырағымызда жатыр. Сондықтан да сендер жаман болуға тиісті емессіздер. Туған жерді естен шығармаңыздар. 1922 жылы ақын Мағжан «Мен жастарға сенемін» деген еді. Жүз жыл уақыт өтсе де бұл тіркес маңызын жойған жоқ. Өмір деген үлкен сапарда жол кездеседі, жүріп өтіңдер. Көл кездессе жүзіп өтіңдер, шөл кездессе төзімді болыңдар. Тау кездессе шыға біліңдер, жау кездессе жыға біліңдер. Сапарларың сәтті болсын, – деп аталық ақ тілегімен қоса, жас ұрпаққа ақыл-кеңес те берді.
Ал ата-аналар атынан ардагер ұстаз Қалдыгүл Жүнісова ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге жақсы тілектерін арнады. Салтанатты жиында ұстаздар оқушыларына арнап ән салса, оқушылар құрметпен қол шапалақтады. Түлектер де қоштасу вальсін билеп, мектебіне арнап ән шырқады. Іс-шара аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсеновтің ақ батасымен қорытындыланды.
Біз де түлектен талапкерге айналған жас буынды өмірдің жаңа жауапты кезеңіне қадам басуларымен құттықтаймыз!
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ