» » Түлектер болашаққа жолдама алды

Түлектер болашаққа жолдама алды

Бүгін Қармақшы ауданында мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталды. Салтанатты шара Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде өтті.
Түлек жадында мәңгі сақталар жиынға ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері, ата-аналар қатысты.
«Үлкен білім ордасынан тағы да бір жас толқын үлкен өмірге қанат қақты. Бұлар — еліміздің көк Туын желбіретіп, Әнұранын асқақтатар егемен еліміздің ертеңі мен келешегі. Біз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеміз. Сәттілік серіктерің болсын», - деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.
Айта кетейік, Қармақшы ауданының барлық білім беру ұйымдарында 594 мектеп бітірушінің 539-ы ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, олардың 30-ы «Алтын белгі» төсбелгісін қорғап шығып, 42 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып отыр.
Сонымен бірге биыл 13 оқушы жалпы пәндер бойынша облыстық деңгейде, ал 3 оқушымыз Республикалық олимпиадаларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.
Жиын соңында мектеп бітірушілер өздерінің ұстаздарына деген ақжарма тілегін арнап, әннен шашу шашты.

16 маусым 2022 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

09 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 006
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031