» » Қармақшылық кәсіпкерлерге баға тұрақтығы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қармақшылық кәсіпкерлерге баға тұрақтығы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіліп келеді. Аудандағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөнінде комиссия отырысының тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топ сауда нысандарын аралады.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға үстемесін негізсіз көтермеу, шекті бағадан асырған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық" фактісі бойынша шаралар қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қармақшы ауданы көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қалыпты ұстап тұру мақсатында аудандық жұмысшы топ апта сайын азық-түлік сататын сауда дүкендеріне және сауда базарына мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады.

Осы ретте, жұмысшы топ «Бибінұр» сауда базары маңындағы бау-бақша өнімдерін сататын сауда қатарларына бағаға қатысты Заң бұзушылықтарға (Шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайды. 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы) тиісті жауапкершіліктер көзделгенгендігі туралы түсіндірме жұмыстарын және ескертпе хаттарын таратты.

Бау-бақша өнімдерін сатушы жеке кәсіпкерлер Түркістан облысына қарасты Шардара ауданынан және Жаңақорған ауданынан қарбыз, қауын өнімдерін жеке көліктерімен тасымалдап, жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада сатып отырғандығын жеткізді.

Айта кеткен жөн, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларына Қармақшы ауданы бойынша макроэкономикалық өсім көрсеткіштер бойынша анықтама берілді. Нәтижесінде, Қармақшы ауданындағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2023 жылдың қаңтар-мамыр айында 2293,0 миллион теңге өнім өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 130,0 пайызды құраған. Өңдеу өнеркәсібі бойынша1884,0 миллион теңгеге өнімі өндірілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 132,0 пайызды құрапты. Ал бөлшек сауда көлемі 3635,9 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 152,4 пайызды құрады.
19 маусым 2023 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930