» » Онлайн қызмет – оңтайлы тәсіл

Онлайн қызмет – оңтайлы тәсіл

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде қолыңыздағы ұялы телефонмен көп шаруаны шешуге болады. Банктегі ақша аударымдары қатар мемлекеттік қызметтерге дер кезінде қол жеткізе аласыз. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынатын «Egov mobile» қосымшасы азаматтардың мемлекеттік қызмет алу қолжетілімдігін тиімді пайдалану үшін жасалған. Қызмет алушылар ХҚО бармай, үйден телефон арқылы мемлекеттік қалаған қызметіне тапсырыс береді. Қазіргі уақытта аталған қосымшаның жаңа нұсқасына 20-дан астам мемлекеттік қызмет қосылды.

Тарқатып айтар болсақ, ҚР территориясында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру, қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру т.б қызметтер бар.

Мобильді қосымшада жаңа цифрлық құжат қатарына «аңшы куәлігін» беру қызметі қосылды. Сонымен қатар, елімізге келген қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын енгізу жөніндегі мемлекеттік қызметі және көлік құралдарының иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің электрондық нұсқасын пайдалана алады.

Қазіргі таңда жаңа «Мобильді ЦОН» қосымшасы ел тұрғындарының жұмысын жеңілдетуге қызмет жасауда. Бейне байланыс арқылы ЭЦҚ кілтін алу мүмкіндігі бар. Мұнан бөлек қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік обьектілерінің техникалық паспортының телнұсқаларын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Е.Қаспаев,
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының
Халыққа қызмет көрсету орталығының өзіне-өзі қызымет көрсету секторынын маманы 
13 маусым 2023 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930