» » Жеңімпаздар – құрмет төрінде

Жеңімпаздар – құрмет төрінде

qarmaqshy-tany.kz Жақында аудан әкімі Жандос Еркінбек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауына және Әзірбайжанның Баку қаласында Халықаралық балалар арасындағы «Мугам» өнер байқауына Қазақстан атынан қатысып, жүлделі оралған жастарды қабылдады.
Атап өтер болсақ, осы жылдың 25 мамырында Атырау қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық мемлекеттік тіл оқытушыларының байқауына Қызылорда облысынан қатысқан Облыстық қоғамдық даму басқармасының Тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік тіл оқытушысы, жерлесіміз Гүлжанат Өмірқызы Бас жүлдені жеңіп алып, облыс абыройын асқақтатты.

Сонымен қатар Әзірбайжанның Баку қаласында «Кайнат» жастар орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық балалар арасындағы «Мугам» өнер байқауында Қазақстанның атынан қатысқан К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің жас шәкірті Елдес Мәди (жетекшісі Әлішер Мырзағалиев) жүлделі ІІІ орын иеленді.

Аудан басшысы тек ауданымыздың ғана емес тұтас еліміз бен аймағымыздың мәртебесін арттырған жерлестерімізге ізгі лебізін білдіріп, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті. Осы ретте республикалық додада топ жарып, облыс абыройын асқақтатқан бұрынғы әріптесімізді сөзге тарттық.

– Тілге деген құрмет пен жанашырлықтың деңгейі, сол бағытта жасалып жатқан жұмыстар сараланатын, бағаланатын байқауға Сыр бойының сенімі мен үмітін арқалап барғанда қанжығам майланып қайтқанына қуаныштымын. Он бес күннен асса да жүлделі оралған жеңімпазды құттықтаулар әлі толастар емес. Бұл жеңіске менен бұрын додаға дайындаған облыстық тілдерді оқыту орталығының ұжымы, әріптестерім қатты қуанды. Ауылға жетпей өзім он жылдан аса еңбек еткен аудандық «Қармақшы таңы» газеті «Байтұрсынов байқауының бас жүлдегері», облыстық «Сыр бойы» газеті «Бұрынғы әріптестің бүгінгі жетістігі» атты тақырыппен сүйінші мақалаларын жариялап үлгерді. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов қабылдап, облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың алғыс хатын табыстады. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы сұқбат алды. 4 маусым – Рәміздер күніне орай облыс әкімінің Алғыс хатын ұсынды. Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қабылдап, құттықтауы мен сый-сияпатын жасады. Одан бөлек, қоғам белсендісі Гүлжауһар Раева байқау жеңімпазы ретінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы ұйым мүшелерімен кездесу өткізді. Қысқасы, бұл марапаттар маған екі есе үміт пен сенім жүгін арқалатты. Мұның барлығы биліктің тілге деген, өнерге деген құрметінің айрықша екенін аңғартады. Тіл мәртебесінің артуына, жерлестерімнің мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуі мен жазуына тілдерді оқыту орталығының курстары арқылы көмектесе бермекпін, – дейді жеңімпаз оқытушы Гүлжанат Дүзенова.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
13 маусым 2023 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031