» » Боздақтар рухына бас иді

Боздақтар рухына бас иді

qarmaqshy-tany.kz 31 мамыр - ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Осыған орай «Мәңгілік алау» мемориалды кешенінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Онда ауданда қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің лентасы қиылды.
Берері мол іс-шара аудан өнерпаздарының театрландырылған көрінісімен басталды. Еліміздің біртуар азаматтарының айтылмай кеткен ойларын өлеңмен бейнелеген көрініс жиналған жұртшылыққа ерекше әсер қалдырды.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде алғашқы сөз аудан әкімі Жандос Еркінбекке беріліп, ол атаулы күннің мәні мен маңызына тоқталды.

– Өткен ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық миллиондаған адамның тағдырына таңба салды. Бұл уақытта көршілес елдерден де біздің мекенге түрлі этнос өкілдері күштеп көшірілген болатын. Ал қазір еліміз бейбіт, тыныш кезеңде өмір сүріп жатыр. Біз тарихты ұмытпауымыз керек. Бұл құрбандардың арасында қаншама талантты жандар, біртуар ғалымдар, зиялыларымыз бар. Өткенімізді саралап, оларға әділ баға беру – біздің парызымыз, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудан басшысы игілікті істі қолға алып, халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңде жазықсыз жазаланған азаматтардың есімін тарих жадында мәңгі есте қалдыру мақсатында арнайы ескерткіштің орнатылуына үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Ал осындай тағылымды дүниені жасап, архивті ақтарып, тарихты қозғап, өткенге құрмет білдірудің керемет үлгісін көрсеткен Мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов және Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары Молдабек Меңлібайұлы мен Ясин Мәлікұлы ізгі лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті. Өткеннен сыр шерткен қонақтар көздеріне жас алып, боздақтар рухына бас иді. Қатысушылар тарихтың қасіретті беттерін ұмытпау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қандай құрбандықтың болғанын біліп және есте сақтаудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Сөз алушылардың барлығы дерлік енді бұдан былай зұлмат болмауын тіледі.

Одан соң Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған бабалар рухына Құран бағышталып, Қармақшы елінің жұртшылығы атынан тағзым гүлі қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

Аудан жыршылары тарихтың қиын кезеңдерін жырмен жеткізсе, Айжан Қыдырбек «Заман-ай» әнімен қиын кезеңді әсерлі жеткізе білді. Іс-шараға қатысқан жандардың жүзінен өткен қасіретті күндерге, тағдырлы жылдарға, бабалар рухына деген шексіз құрметті көрдік. Ойнаған әрбір әуен де зобалаң жылдардан хабар беріп, жүректерді елжіретті. 200-ден аса боздақтың есімі жазылған ескерткіш тақта – енді аудан төрінде. Өткенге құрметін ұмытпайтын ұлттың ұрпақтары алдағы уақытта да боздақтарын ұлықтай бермек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
04 маусым 2023 ж. 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 015

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031