» » Бөдене баптаған Бердібек

Бөдене баптаған Бердібек

qarmaqshy-tany.kz Бөдене жұмыртқасынан дайындалған тағамды тұтынатын адамдарда радиациялық аурулар жеңіл түрде болатыны дәлелденген. Демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрекқан тамырларының жетіспеушілігін, рахит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданады. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзадағы түрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Бөдене үйде де ұсталады.
Жосалы кентінің тұрғыны Бердібек Төлепбергенов бөдененің емдік қасиетіне қаны ғып, оны кәсіп еткеніне 5 жылдың жүзі болды. Ол ерекше құстарды ауласындағы шағын сарайда баптайды. Балапандарынан бөлек бөдененің 200-ден астам «Финикс» тұқымын өсіруде.

«Бала кезімде құс өсіруге құштар болдым. Кептер, тауық, қаз, үйрек дегендерді көп өсірдім. Олардың етін, жұмыртқасын сатып, ата-анама қолғабыс еттім. Ұмытпасам осы кәсіпке келуіме осыдан 5 жыл бұрын зайыбым Рима себепкер болды. Алғашқы кезде 13 данасын сатып алып, өсірдім. Күндер өте олардың саны көбейіп, жұмыртқа сала бастады. Әрі қызық, әрі үйге аз да болса табыс та келеді. Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан бөдене кәсібімен айналысатындармен танысып, тәжірибе алмастым. Қазір кәсібімді кеңейтуді мақсат етіп, бүгінде сол жоспарымды жүзеге асырып жатқан жайым бар. Бағымымдағы бөдене саны 200-ден асты, балапандары да жетерлік. Күніне 60-тан астам жұмыртқа аламын. Жұмыртқасын нарық бағасынан едәуір арзан бағаға сатудамын. Қаншамасын науқастарға, кәсіп ретінде асырауға ниет білдіргендерге саттым. Олар әлі де хабарласуда. Әсіресе, денсаулығын реттеймін дегендерден сұраныс көп. Олар хабарласып, қалай тамақтандыру керек, қалай күтім жасау керек дегендей, кеңес сұрап жатады. Әлбетте, мен қолдан келген көмегімді көрсетіп, кеңесімді беремін. Әзірге ауданда бөдене өсіру кәсібімен айналысатын жалғыз менмін. Осы кәсіппен айналысқысы келетіндерге мен әркез көмектесуге дайынмын. Бөдененің түрлі науқасқа емі бар. Аналығы мен еркегінің және балапандарының жемі екі түрлі. Бұл жақта оның жемі жоқтың қасы. Мен оларды Алматы, Ақтөбе қалаларынан арнайы тапсырыспен алдырамын. Бағасы да қымбат. Өйткені, бөдене ерекше құс. Ол тағамды талғап жейді. Бұл кәсіптен басқа аулалық бақшалығымда түрлі жеміс ағаштарын баптап өсірудемін. Олар да жемісін беруде», – дейді бөдене баптаған Бердібек.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
30 мамыр 2023 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031