» » БӨДЕНЕ ӨСІРУДІҢ ӨЗ ҚИЫНДЫҒЫ БАР

БӨДЕНЕ ӨСІРУДІҢ ӨЗ ҚИЫНДЫҒЫ БАР

Нұртас НҰРЫМНЫҢ ауласындамыз. Қорадан жәй ғана бір дыбыс­тар естіледі. Мән бермесіңе қоймайды. Жақындап барып қарасаң кішкентай ғана бөдене. Адам ағзасына құс етінің пайдасы жоғары. Бөдене – киелі құс. Ол өзін асырап баққан адамның шаңырағына бақыт, байлық, ырыс, береке және денсаулық әкеледі деген сенім бар. Денесінің тұрқы бар болғаны 16-20 см. Әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды.
Жұмыртқаларының емі ертеден белгілі. Оны жиі тұтынған адамдарда ас қорыту мүшелері жақсы жұмыс жасайды. Жалпы, бөдене жұмыртқасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттеуге, салқын тигенге, тұмауға, ішек ауруларына, әсіресе, асқазан жарасы мен гастритке таптырмас ем. Тіпті, жапониялықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұтынған науқас қатерлі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрінеді.
Әйелдермен балалар 2-3 жұмыртқаны шикілей ішсе сүйектері, тісі, шашы қуатты болады. Яғни ағза кальциймен толығады. Ер адамдар күнделікті таңертең аш қарынға 3-4-еуін ішкен болса бұл белсіздік ауруының алдын алуға жәрдемдеседі. Бөдене жұмыртқасын тұрақты түрде пайдаланған адамның дені сау болып өмірге құштарлығы артады. Шына шақтай ғана құстың бір тал жұмыртқасы тауық жұмыртқасынан екі есе қуатты болып келеді. Бұл құстардың арасында ауру-сырқау болса бірден өліп қалады. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деген қазақ ұрпақ денсаулығына ерекше көңіл бөлген. Саламатты өмір салтын ұстау әр азаматтың өз қолында. Дені сау ұрпақ ел болашағы.
– Өте сезімтал құс. Көп жағдайда күтімді қажет етеді. Тұрақты қарап отырмасаң бір мезетте өспей қалады. Бір ерекшелігі құстар тыныштықты, жылылықты қалайды. Бөлме температурасына да аса мән беріп, бір қалыпта өседі. Тауықтың 5 жұмыртқасы бөдене жұмыртқасының 1-еуіне татиды. Айта кетер ерекшелігі бөденені қорқытып, үркітіп алсаң, қасына барғанда қатты дыбыстар шығаратын болсаң жұмыртқаламай қалады. Күтімді көп қажет етеді. Жұмыртқаны пайдалана бастағалы денсаулығым жақсарып келеді. Қазіргі уақытта отбасымызбен қолданудамыз. Аллаға шүкір балаларымның да денсаулығы жақсарып келеді, – дейді бөдене өсіруші Марат Боқтыбаев.
Жұдырықтай құстың еті мен жұмырт­қасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған?!
Айзада ТАҢАТАРОВА,
"Қармақшы таңы".
04 мамыр 2019 ж. 1 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930