» » Қармақшыда аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Қармақшыда аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, құқық қорғау органдары мен салалық бөлімдердің басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес «Мемлекеттік органдармен аудандық терроризмге қарсы комиссияны ақпаратпен қамтамасыз ету сапасының жағдайы туралы. Жұмыстарды жетілдіру шаралары туралы» аудан әкімнің орынбасары Ж.Ерқосаевтың және «Аудан аумағында ақпараттық түсіндіру топтарымен жүргізілген жұмыстардың барысы туралы. Ақпараттық кеңістікте діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихатты жетілдірудің жағдайы мен шаралары туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Комиссия төрағасы жиын қорытындысымен айтылған пікір-ұсыныстарды қуаттап, жауапты мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

25 мамыр 2023 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 673

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031