» » Жақсы ұстаз – шәкірт келешегі

Жақсы ұстаз – шәкірт келешегі

qarmaqshy-tany.kz Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінде жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр. Олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Ұстаз – ұлы есім» дейді Мұхтар Әуезов. Иә, расында да ұстаз деген сөздің астарында мән-мағынаның бәрі бар: білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен мейірбандық, талапшылдық пен турашылдық.
Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуына, дүниедегі әр мамандық иесінің болашаққа қанаттануына себепкер болатын жанашыр, ізденімпаз адам – ұлы ұстаз. Менің ойымша, әр шәкірттің жанына жақын келетін, өмірлік ұстанымының жаршысына айналатын ұстазы болады. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты оқушы бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімділік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздар бар. Соның бірі – Төретам кентіндегі №85 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, зерттеуші-педагог Жұлдызай Тілеуова.

Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Жұлдызай Садыққызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Шәкірттеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытып, тіл өнеріне, сауаттылыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулыған еңбекқор ұстаз өзінің туа біткен мұғалімге тән ерекшелігімен, мамандығына адалдығымен, пәнді терең меңгеруімен әрдайым шәкірт жүрегіне жол таба білді. Жұлдызай Садыққызының алдынан үлкен өмірге жолдама алып шыққан шәкірттері елдің әр түкпірінде тер төгіп, адал еңбек етуде. Шәкірттеріне бүгінгі күн талабына сай білім беруді көздеген ұстаз әр сабағын жоғары деңгейде өткізіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқушыларының сүйікті пәніне айналдырды. Тынымсыз еңбексүйгіштігі арқасында, әр сабағын тартымды өткізу үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздың еңбегіне берілген ең жоғары баға – республикалық «Өнерге қосқан» үлесі үшін төсбелгісімен марапатталуы болды. Оның шәкірттері де биік шыңдарды бағындырып келеді. Атап айтар болсақ, аудандық «Зерде» ғылыми байқауынан 7 сынып оқушысы Жанель Әділбекова бас жүлдені иемденіп, облыстық кезеңнен де сүрінбей өтіп, республикалық кезеңнен ІІІ орынмен марапатталды. «Ақберен» республикалық байқауының аудандық кезеңінде ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Еркебұлан Жалғасбаев ІІ орынмен, аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Жас қаламгер» бағыты бойынша жүлделі І орынмен Диана Қайратқызы, «Білгірлер бәйгесі» бағыты бойынша ІІІ орынмен Аяулым Сәрсенова, аудандық «Арда туған Алаш арыстары» атты эссе байқауынан 7 сынып оқушысы Жанель Әділбекова І орынмен марапатталды. Шәкірттердің сүйіктісі болған Жұлдызай Садыққызының суреті облыстық құрмет тақтасына ілініп, мектеп абыройын асқақтатты.

Оқушы жетістігі – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Осы бағытта облыстық білім басқармасының және «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVІІІ республикалық «Зерде» конкурсының ғылыми жоба жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. Онда №85 орта мектептің оқушысы Жанель Әділбекова, жетекшісі Жұлдызай Тілеуова марапатталды.

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұстазға жүктелер жауапкершіліктің маңызы бұрынғыдан да арта түскен мезгілде ұлттың келешегіне қызмет етер жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беру екенін айқын аңғара білер әріптесіміз нағыз өнегелі, өресі биік, өрісі кең, мінезінен мейірім шуағы есетін ұстаз ретінде шәкірттерінің құрметтісі екендігі даусыз.

Бұл қасиеттер оның педагогтік, ұстаздық құдіретінің негізі бола білді десек те артық әңгіме бола қоймас. Ұжымдағы әріптестерін сыйлай да, сыйлата да білетін білікті маманның шығармашылық шыңын бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Ләззат АХМЕТОВА,
№85 мектептің мұғалімі
22 мамыр 2023 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930