» » Облыс әкімі Қармақшы ауданының тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдады

Облыс әкімі Қармақшы ауданының тұрғындарын жеке мәселелермен қабылдады

qarmaqshy-tany.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары кезінде аудан халқымен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға барлығы 60-тан астам азамат келді. Олардың өтініш-тілектері негізінен баспана алу, денсаулық, білім салаларының, жұмысқа орналасудың мәселелеріне, т.б байланысты болды. Тұрғындарды толғандыратын ой-пікірлерге орай аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ.

Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына негізінен өздерін толғандырған мәселелердің заңдық тұрғыда қалай шешілетінін білуге келеді. Бүгінгі қабылдауда олар барлық сауалдарына толыққанды жауап пен маман кеңесін алды.

«Аймақ басшысының қабылдауында болып, ұзақ жылдар бойы өзім қызмет еткен білім саласындағы жаңалықтарды, өзімді қызықтыратын сұрақтардың жауабын білдім. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жаңа білім ордалары салынатынына қуандым», – деді аудан тұрғыны, ардагер ұстаз Роза Қыпшақбаева.

«Облыс әкімінің жеке қабылдауында «Жосалы-Жалағаш» ішкі жолының жағдайы туралы айттым. Өткен жылы Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кеткен болатын. Аймақ басшысы тиісті тапсырмалар беріп, жолды жөндеуге қаржы бөлінгенінен хабардар етті», – дейдi аудан тұрғыны Қуаныш Төреев.

Осындай форматтағы жеке қабылдаулар алдағы күндері барлық ауданда өткізілмек.

18 мамыр 2023 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930