» » Тапсырмалар тиянақтылықты қажет етеді

Тапсырмалар тиянақтылықты қажет етеді


Өткен жұмада аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы басқа да мәселелермен аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Онда тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелерімен қоса ІІІ Интернационал ауылдық округінің жер мәселесі және Төретам кентіндегі санитарлық тазалық жұмыстары, Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ құбырын тарту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныс-пікірлер айтылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Салауатұлы және аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме жүргізді. Қабылдауда айтылған әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, тиісінше жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді. Қабылдауға қатысқан құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында құқықтық кеңестер берді.
Қабылдаудан соң С.Қожаниязов Жосалы кентіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Тайшық би көшесіндегі «Сыр сүлейлері» аллеясы мен «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің құрылыс және кентте салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстарымен танысты.
Нысандарды аралау кезінде С.Қожаниязов өскелең ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарды сапалы жүргізуге аса мән беру керектігін ескертіп, мердігерлерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.
20 қыркүйек 2022 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930