» » Қармақшыда отбасылық спорттық сайыс өтті

Қармақшыда отбасылық спорттық сайыс өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы №250 Тәйімбет Көмекбаев атындағы мектеп-лицейде Қармақшы жастар денсаулығы орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Әмина Кетебаева, Дариха Құлмырзаева және Қармақшы ауданының полиция бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Айнұр Қасымовалардың ұйымдастыруымен "15 мамыр - Отбасы күніне" арналған "Жігерлі отбасы" атты отбасылық спорттық сайысы өтті.
Сайысқа "Барыс" тобы, "Қыран" тобы, "Сұңқар" тобы, "Айбар" тобы, "Самға" тобы және "Тұлпар" топтары белсенді қатысып, топтық, ұжымдық жұмыста ауызбіршілік танытты. Топ басшылары басқа да командаларға құрмет көрсетуді, спорттық ойындардың көңіл-күйді көтеріп, денсаулыққа пайдалы екендігін балаларына үлгі ете алды.
Топтар 5 тур: 1) Допты айналып жүру;
2) Дарте ату;
3) Нығыздалған допты алып жүру;
4) Доппен барып сурет салу;
5) Қаппен секіру бойынша бақсынасты.
Қазылар алқасында аудандық балалар-жасөспірімдер Қармақшы спорт мектеп директоры Әлиев Артур, АПб-ң ӘЗЗҚ тобының инспекторы Айнұр Қасымова, Қармақшы аудандық орталық аурухана, ЖДО психологі, облыстық отбасы істері жөніндегі комиссиясының және аудандық "Әйел-аналар кеңесінің" мүшесі Әмина Кетебаева, СӨСҚ орталығының маманы Дариха Құлмырзаева, аудандық Қоғамдық даму бөлімінің маманы және "Әйелдер кеңесінің" мүшесі Актолкын Алтынбайқызы төрелік етіп, қатысушы командалардың сайысын лайықты бағалады. 
Қызықты да тартысты өткен аудандық спорттық сайыстың жеңімпаздарын арнайы "Дипломдармен", сыйлықтармен марапатталды.
1-орын "Тұлпар" тобы, 2-орын "Барыс" тобына, 3-орын "Сұңқар" тобына бұйырды. Басқа қатысушы топтарды белсенділігі үшін "Алғыс хаттармен" және ынталандыру сыйлықтарымен құттықтады.

Жігерлі отбасы өмірдің барлық құндылықтарын сақтай отырып, салауатты өмір сүруде әркез алда болады!Бала тәрбиесінде үлкен жетістіктерге жетеді.

Отбасыларыңыздың босағасы берік, шаңырағы биік болсын. Салауатты,сау ұрпақ - біздің болашағымыз!
16 мамыр 2023 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 400
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930