» » Өзекті мәселелер ортаға салынды

Өзекті мәселелер ортаға салынды

qarmaqshy-tany.kz Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Байқоңыр қаласының экономикалық дамуы мен тұрғындар ахуалын арттыруға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, оның орындалуын қадағалауда мекеме, кәсіпорын басшыларымен жиын өткізді.
Жиында әр сала бойынша басшылардың атқарған жұмыстары туралы хабарламалар тыңдалды. Сондай-ақ, қаладағы қылмыстық құқық бұзушылық ахуал, қорғаныс саласындағы көктемгі әскери шақыру барысы, кешендегі мүлікті пайдалану, күтіп ұстау, көпбейінді ауруханадан гемодиализ орталығын ашуды жеделдету мәселелері талқыланды.

Одан бөлек, жиында қайтарымсыз несие алған азаматтарға кәсіптерін одан әрі жетілдіруге қолдау жасау, заң тұрғысында көмек көрсету, қалада ашылуға тиісті балабақшаның жай-күйі сараланды.

Жиын барысында Қайрат Ырзақұлұлы мекеме, кәсіпорын басшыларына бұқара арасында «Байқоңыр» кешенінің жалдық сипаты, кешенге қатысты заң тұрғысынан түсіндірмелер жүргізуді, әр мекемедегі әлеуметтік желідегі ақпараттарға жауапты мамандардың жұмысын жандандыру мақсатында өзара іс-қимыл жоспарын жасап, жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
15 мамыр 2023 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 941
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 183

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031