» » «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»

«Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы»

qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі заман талабында азаматтық борыш пен негізгі конституциялық міндетерді орындауға деген дайындық талаптары көңіл толтырарлықтай болып отыр. Осы мәселеге қатысты Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитан Касимова Айнур Шакзадаевна ағымдағы жылдың мамыр айының 11-ші жұлдызында «Отбасында балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында Жосалы кенті орталығындағы №121 орта мектебінде 8-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

«Патриотизм» – азаматты сипаттайтын ең басты қасиеттердің бірі. Сондықтан өскелең ұрпақты Отанымыздың патриоты ретінде тәрбиелеу – ең басты мақсаттарымыздың бірі. Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиенің бір бөлімі бола тұра, рухани, саяси, азаматтық, эстетикалық және гуманитарлық тәрбиенің бағыттарымен тығыз байланысты. Сонымен бірге, бар күш жастардың әлеуметтік талаптарына, жасөспірімдер мен жастардың керек екендіктерін, қоғам үшін бағалылығын түсінуіне бағытталу керек. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу әрқашанда қазіргі мектептің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, өйткені балалық шақ пен жастық шақ Отанға деген қасиетті сүю сезімін ояту үшін ең құнарлы кезең.

Біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл-Фараби:«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген болатын. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады, - деп айта кетсек қатер болмас.
Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

12 мамыр 2023 ж. 1 091 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031