» » Көше атауы берілді

Көше атауы берілді

qarmaqshy-tany.kz Түбі бір түркінің ортақ тұлғасы Қорқыт баба жатқан жер, адамзат алғаш аспанға аттанған Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан Қармақшы – барша Қазақстанның мақтан тұтар мекені. Өлкемізден шыққан ақын-жыраулар, батырлар мен әулие-әмбиелер өлке тарихының алтын көмбесі. Солардың бірі – халық тағдырын өз тағдырынан жоғары ұстаған Жәрімбет әулие.
Көзінің тірісінде Жәрімбет би Төретам кентінің аумағына ұрпағын қоныстандырып, келешекте бұл жерде дүние жүзіне танымал, үлкен қала болатынын айтып кеткен. Бүгінде қанатын кеңге жайған баба ұрпақтары еліміздің дамуына адал қызмет атқарып келеді.

Отан қорғаушылар күнінде Төретам кентінде Жәрімбет би атына көше атауы берілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, аудан әкімі Жандос Еркінбек және Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Вербицкий қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Баба атына берілген көше Төретам кентінің кіреберіс көшесінен Жанқожа батыр көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар, ол кенттегі инфрақұрылымы жақсы дамыған орталық көшелердің бірі.

Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, әулие ұрпақтары атынан облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағанбетов жылы лебіздерін білдіріп, «Жәрімбет би» атындағы көшеге қойылған стелланың лентасын қиды.
«Қт» ақпарат
11 мамыр 2023 ж. 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930