» » Алғашқы ақсақалдар кеңесі

Алғашқы ақсақалдар кеңесі

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға кеңестің мүшелері қатысты. Отырысты аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев жүргізді.

Аймағымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ақсақалдар кеңесі құрылып, құрамы жергілікті қоғамдастықтың ақсақалдарынан, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдерінен, сондай-ақ қоғамдық пікірдің басқа да көшбасшыларынан құралды. Жаңа кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы кеңестің төрағалығына Шегебай Құндақбаев, төраға орынбасарлығына Ерболат Ұзақбаев сайланды.

Аудандық ақсақалдар кеңесінің қызметі Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің бекіткен ережесіне сәйкес ауданның бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Отырыс соңында жұмыс жоспары бекітіліп, алдағы атқарылар міндеттер айқындалды.
«Қт» ақпарат
08 мамыр 2023 ж. 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 541

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930