» » Егін даласына алғашқы дән себілді

Егін даласына алғашқы дән себілді

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірі «Жаңажол» серіктестігінің егін алқабында алғашқы дән себу рәсімі өтіп, егін егу науқаны басталды.

Аталған шараға қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек дала диқандарының қажырлы еңбектеріне сәттілік тілеп, қасиетті Қармақшы жерінен шыққан еңбек майталмандарының өнегелі өмір, еңбек жолын жас ұрпаққа үлгі ету, жастарды адал еңбекке баулу бағытындағы жұмыстарды жан-жақты жүргізу қажеттігін атап өтті.

Биыл аудан бойынша 26 709 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріштің көлемі 13 500 гектар.

Сонымен қатар, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес сырттан келетін өнім көлемін азайтып, тұрғындардың негізгі бақша өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін аудан әкімдігі мен ірі шаруашылықтар тарапынан егіс егемін дейтін аудан тұрғындарына бақшалық жерін жыртып, дайындап беруге қолдаулар көрсетілуде. Атап айтқанда, аудан бойынша қосымша 392 гектар бақшалық жер дайындау жоспарланып, оған 736 отбасы бақша егуге ниет білдіріп отыр.

Алғашқы дән себу рәсімінде ауылшаруашылық саласының ардагері Орынбасар Сариев дала еңбеккерлеріне батасын берді.
Мұнан соң қатысушылар «Жаңажол» ауылындағы көлемі 5 гектар болатын алмабақ пен 37 гектар бақшаны көріп, биыл бірінші рет егіліп жатқан 1 гектарлық жабынды астындағы қарбыз егу жұмыстарымен танысты.

Іс-шараға аудан әкімімен бірге аудан ардагерлері, ауылшаруашылық саласының майталмандары қатысты.
03 мамыр 2023 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930