Ой мен ойын

qarmaqshy-tany.kz 2023 жылдың 03 мамыр күні Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектепте жас мұғалімдердің біліктілігін, педагогтардың озық жұмыстарын анықтау, олардың өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, педагогикалық қолдау көрсету және мұғалімдердің әдістемелік жаңалықтарын, шығармашылық жұмыстарын дамыту, логикалық тапсырмаларды орындап, креативті ойларын зерделеу мақсатында ғылыми әдістемелік жұмыстардың айлық жоспарына сәйкес оқу жылын қорытындылау негізінде «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайысқа мектеп мұғалімдері арасынан екі топ қатысты.
Сайыс 6 кезеңнен жоспарланды. Олар: 1. Таныстыру 3 минут «Бізді топта қандай мақсат біріктіреді?»
2. Мұғалімнің бір күні киносценарий (5-7)
3. Сұрақ - жауап логикалық-шығармашылық тақырыптар бойынша (әр сұраққа 1 минут)
4. «Қалдықтарға екінші өмір сыйла» көрме таныстыру (3 минут)
5. Идеялар аукционы. Сабаққа байланысты көрнекіліктер дайындау. (3-5 минут)
6. Өнертапқыштар әлемінде 1 лайфхак (3-5 минут)
Сайыстың кезеңдеріне әділқазы мүшелері белгіленген бағалау өлшемдері арқылы балл қойды. «Бес асыл» және «Жас ұстаздар» атымен жасақталған топ мүшелері сайыстың әр кезеңіне сәйкес өздері дайындаған ұтымды жұмыстарын ұсынды. «Сұрақ-жауап» барысында әр саладан қойылған логикалық сұрақтарға мұғалімдер ұтымды жауап беріп,өздерінің тапқырлықтарын көрсетті.Сайыс соңында креативті ,шығармашыл жұмыстарымен белсенділік танытқан «Бес асыл» тобы мәреге жетті.Екі топ құрамында да өздерінің шеберлігімен және ізденімпаздығымен көзге түскен бастауыш сынып мұғалімдері Г.Мақсатбаева,Г.Батырбекова және арнайы психолог Г.Әбілтаевалар арнайы «Мадақтамамен» марапатталды. Мектеп мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілейміз.
03 мамыр 2023 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930