» » Ауыл мектептеріне автобустар алынды

Ауыл мектептеріне автобустар алынды

qarmaqshy-tany.kz ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Еліміздің оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігі бірлесіп білім саласын жетілдірудің жол картасын әзірледі. Жеті жылдық бағдарламада аймақтың ағарту саласындағы өзекті мәселелер толық шешімін табатын болады. Соның алғашқы қадамы ауыл мектептеріне автобус табыстаудан басталды.

Облыста шалғайдағы 20-дан аса ауылда балалар білім алу үшін жақын елдімекендердегі мектепке қатынап оқиды. Бұрын оқушыларды тасымалдау үлкен қиындық туғызса, енді міне арнайы 30 автобус алынып, мәселе оң шешімін тапты. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде жаңа 30 автобустың жартысы қалаға жеткізілген. Қалған автобустар алдыңғы айда толық жеткізілгеннен кейін мектептерге пайдалануға берілетін болады. Айта кетейік, бұл тасымалдаушы көліктер 20 және 40 орынға шақталған. Мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді. Қауіпсіздік белдіктері, апаттық шығу жол, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері бар және автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен қамтылған.

Жалпы бұл аймақтың білім саласына жасалып жатқан игі жобалардың бастамасы ғана. Жергілікті билік алдағы уақытта заманауи балабақша мен мектептердің құрылысына айрықша басымдық бермек.

– Біздің өңірде 21 жайлы мектептің құрылысы салынады. Оның жақын күндері 10-ының құрылысы басталады. Оның 8-і осы облыс орталығы Қызылорда қаласында, 13-і аудандарда салынатын болады, – деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа автобустың біреуі кентіміздегі Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепке, екіншісі Төретам кентіндегі №269 орта мектепке берілді.
Сондай-ақ, сапар барысында Оқуағарту министрі Ғани Бектайұлы ауданымыздағы №277 мектеп-лицейінде болып, Байқоңыр қаласындағы ұстаздар қауымымен кездесті.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
03 мамыр 2023 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930