» » ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев Байқоңыр қаласында болды

ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев Байқоңыр қаласында болды

ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты №277 мектеп-лицейінде болып, Байқоңыр қаласындағы ұстаздар қауымымен кездесу өткізді.

Келелі кездесуге ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Нұртай, Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет, Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғ.Даулетова, Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, сондай-ақ Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің мамандары және қала мектептерінің басшылары қатысты.

Алдымен ведомство басшысы Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарының қызметімен танысып, әрі қарай ұстаздар қауымымен кездесіп, келелі мәжіліс өткізді.

Еліміздің бас ұстазы "Алты Алаш жиналса, төр - ұстаздікі" дей келе, сөз басын ұстаздықтың қасиетінен бастап, білім саласындағы оң өзгеріске бағытталар жоспарларды, сондай-ақ Байқоңыр қаласына арнайы бағдарлама жасауды, сонымен бірге білім алып жатқан бітіруші түлектерге грант бөлу мәселесін шешу қажеттіліктерін атап өтті. Ұлт болашағын тәрбиелеудегі жауапкершілікті істің маңызын әр сөзінен ұғындыра білген, дамимын деуші ұстаздарға мотивация берген Ғани Бектайұлына ұстаздар шексіз ризашылығын білдірді.

Кездесу соңында Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаев өздері қолдан жасаған зымырандарын ұшырып көрсеткен 277 мектеп-лицейінің " Зымыран модельдеу" үйірмесінің мүшелерінің ғылым жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
30 сәуір 2023 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930