Құрылтай
» » Басқарма басшысы Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды

Басқарма басшысы Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барды

Облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет Байқоңырда Төретам кенті, Ақай ауылдық округі және қала тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.

Келушілер Байқоңыр қаласында орналасқан Қазақстандық білім мекемелерінің Ресей әкімшілігіне төленетін коммуналдық төлем бағасы, қала ішінде Қазақстандық балабақшалар санын көбейту, Ақай ауылындағы балаларға арналған оқу түзету орталығын ашу және жұмысқа орналасу бойынша мәселелерін айтты.

Жеке қабылдаудан соң Мейрамбек Зинабдинұлы Байқоңыр қаласы Ресей әкімшілігінің орынбасары Адасев Николай Петрович және қалалық білім бөлімінің басшысы Ким Елена Григорьевнамен кездесіп, білім саласындағы мәселелерді талқылады.

Бұдан соң басқарма басшысы қаладағы бірнеше білім беру мекемелерін аралады. №19 «Ивушка» және «Василек» балабақшаларында болды. №274 орта мектебінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Сондай-ақ, Төретам кентінде орналасқан №85 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысын көріп, сапалы түрде аяқтау үшін тиісті тапсырмалар берді.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

10 қараша 2022 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31