» » Облыс әкімі ауданда болды

Облыс әкімі ауданда болды

Бейсенбіде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің Басшысы Константин Бусыгинның қатысуымен актив отырысы өтті. Басқосуға жауапты сала басшылары қатысты.
Отырыста облыс әкімі Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалған Қайрат Нұртайды таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі. 
– Қайрат Ырзақұлұлы жұмыс барысында өзін білікті және жауапты басшы ретінде көрсете білді. Аймақтың, соның ішінде Байқоңыр қаласының әлеуметтік-саяси ахуалымен жақсы таныс, ұйымдастырушылық қабілеті мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде және шеберлікпен атқарып жүрген азамат. Қайрат Ырзақұлұлы, екі ел тараптарының бірлескен жоспарларын іске асыру және проблемалық мәселелерді шешу кезінде Ресей тарапымен тиімді өзара іс-қимыл орнату керек. Ең бастысы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау маңызды, ол үшін үкіметтік, қоғамдық және құқық қорғау органдарымен бірлесіп қарқынды жұмыс жасау қажет. Басшылық қызметтегі жинақтаған тәжірибесін, қазіргі таңда маңызды болып саналатын Байқоңыр қаласындағы қоғамдық-саяси жағдай мен жылдам әрі уақытында шешуді талап ететін кезек күттірмейтін бірқатар мәселелерді кезең-кезеңімен орнықты түрде шешуге қолданады деп үлкен сенім артамын, – деді  облыс әкімі Н.Нәлібаев.
Одан соң аймақ басшысы Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейіне барды. Онда қазақстандық білім беру ұйымдарының басшылары, жас педагогтар кездесіп, білім саласындағы ортақ мәселелерді талқылады. Әрі өнертапқыш балалардың жобаларымен танысып, олардың қолөнер бұйымдарын тамашалады. Сапар барысында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов Байқоңыр қаласының білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, қазақстандық РФ қарасты мектептердегі оқушыларға «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту мәселесі екіжақты Үкіметаралық комиссиямен пысықталып жатқанын да жасырмады.
Басқосуда облыс әкімі мектептердегі орын жетіспеушілігін болдырмау, жеке инвесторлар арқылы балабақшалар салу мәселесін қарап, ұсыныс беруді тапсырды. Өз кезегінде Байқоңырда балабақша салуға ынталы кәсіпкерлерді қолдау қажеттігін назарға алды.
Одан соң аймақ басшысы Байқоңырдағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын бақылап көрді. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қолға алынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 372,6 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын саралаған облыс әкімі Н.Нәлібаев мердігер компанияға пәтерлерді уақытында тапсырып, жұмысты сапалы орындау керегін айтты.
Айта кеткен жөн, жұлдызды қалашықта 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер пайдалануға берілген болатын.
Облыс әкімінің Қармақшы ауданына іссапары Ақай ауылдық округі мен Төретам кентінде жалғасын тапты. Онда ол тұрғындармен кездесіп, көкейде жүрген сауалдарын тыңдады.
Кездесуде аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Ақай ауылдық округі мен Төретам кентіндегі түйінді мәселелер мен алда атқарылар жоспарын тізбектеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік саласында перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға ұсыну, жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын баяндады. Сонымен қатар, Төретам кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы, стритбол және жаттығу алаңы салынып, пайдалануға берілгенін айтты.
Облыс әкімі елді мекен тұрғындары үшін маңызды газдандыру мәселесін назардан тыс қалдырмады.
– Елді мекендерді аралау арқылы халықтың ұсыныс-пікірлері негізінде әлеуметтік мәселелерді саралап келемін. Ақай, Төретам кентінде, Байқоңыр қаласында көптеген жұмыстар іске асты. Жаңа 1200 орындық мектеп, жаңа аурухана салынды. Байқоңыр қаласының су жүйелерін жаңартуға 12 млрд теңгеге жоба жасадық. Көпқабатты тұрғын үйлер де салынуда. Бүгін бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысын бағамдап қайттық. Сіздердің көкейде жүрген сұрақтарыңыздың бірі – газдандыру екенін білемін. Сала мамандарының табанды еңбегі мен Сенаторлардың қолдауы негізінде Төретам және Ақай елді мекеніне газ тарту жұмыстарын бастауға қажетті қаражаты бөлінді. Қазіргі таңда конкурс жүргізілуде. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін көп ұзамай жұмыс басталады, – деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.
Кездесуде ардагерлер Жақсылық Қыпшақбайұлы, Смағұл Аралбаевтар көкейде жүрген сауалын жолдап, өзекті ұсыныстарын ортаға салды.
Айнұр ӘЛИ
13 маусым 2022 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031