Топ-баннер
Топ-баннер2

Құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» деп дана халқымыз айтқандай, бірлігі бекем елдің іргесі мықты, әрқашан болашағы жарқын болмақ.


Қазақ жеріне әр кезеңде көптеген этнос өкілдері қоныс аударып, халқымыздың дархан мінезінің арқасында бүгінде бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Ауызбіршілік пен түсіністік, сыйластық салтанат құрған жерде нәтижелі істердің болатыны белгілі.

Бүгінгі таңда игілікті бастамаларды мақсат еткен аудан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне үлес қосып, ертеңгі күнге деген зор сеніммен еңбек етуде.

Сан ұлтқа сая болған Сыр елінің қасиетті Қармақшы ауданы халқының ауызбірлігі мен татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге.

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, елімізге берекебірлік тілеймін.
Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген аудан халқының достығы жарасып, Қазақ елінің даңқы арта берсін!
Әрдайым бiрлiгiмiз бен татулығымыздан таймай, болашаққа бiрге қадам баса берейiк. Бірлік мерекесі құтты болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
01 мамыр 2023 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031