Аудан халқын "Алғыс айту" күнімен құттықтады
ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды 1 наурыз - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек еткен барлық азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.
Сонымен бірге тарихи жағдайларға байланысты қазақ жеріне еріксіз қоныс аударған миллиондаған түрлі этностардың қазақ халқына ыстық ықыласының белгісі.
Бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас, қайырымдылық дәстүрлердің жалғасын табуы әлеуметтік ынтымақтастығымыздың өнегелі өлшеміне айналды.
Өңірімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен достығының арқасында бүгінде ауданымыздың әлеуметтік –экономикалық жағдайының дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде алға өрлеуге зор ықпал етуде.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір азаматтың парызы.
Қасиетті Қармақшы ауданының тұрғындарына да қастерлі құндылықтарымыз бірлігіміз бен татулығымызды сақтау жолындағы еңбектеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгінгі мерекемен құттықтай ортырып баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларңызға амандық, еңбектеріңізге зор табыс тілеймін.
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін!
Құрметпен,
Қармақшы ауданы әкімінің
міндетін уақытша атқарушы Ж.Омаров