Ер – елінің қорғаны
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.
5 мамыр күнi Төребай би ауылдық клуб үйiнде 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесiне орай "Егемен елдiң-ерikтi жiгiттерi" атты "Жiгiт сұлтаны-2018" сайысы болып өттi. Сайыс мекемелер арасында өттi. Ауылымыздың №15 "Ақкөгершiн" балабақшасынан мекеме қызметкерi Абылаев Ғабитжан, №199 орта мектеп ұжымынан география пәнi мұғалiмi Көшекбаев Кенжебек пен Өтемұратов Болат қатысса, ауылдық Ветиринария пунктi қызметкерi Есетов Наурыз қатысты. Сайыс 5 кезең бойынша:
1 кезең - "Егемен елдiң ерikтi азаматы" деп аталатын Таныстыру;
2 кезең - "Жiгiтке жетi өнер де аз" атты өз өнерiн көрсету;
3 кезең - Спорттық сайыстар: Ләңгi тебу, отжиманий жасау;
4 кезең - "Бiлiмiң қандай ер жiгiт?" аталатын сұрақ-жауап кезеңi;
5 кезең - ДАРТС нысана көздеу кезеңдерi бойынша өттi. Сайысқа әдiл баға берушi әдiл - қазылар: ауыл әкiмi С.Есқалиева, №15 "Ақкөгершiн" балабақшасы меңгерушiсi С.Жұмабаева, ауылдық клуб үйi басшысы Б.Нөсеров сайланып, жiгiттерiмiзге бағаларын бердi. Сайыс қорытындысы бойынша "Жiгiт сұлтаны-2018" атағын Көшекбаев Кенжебек жеңiп алды. 1орынды-Есетов Наурыз алса, 2 орынды-Өтемұратов Болат иеленiп, 3 орын-Абылаев Ғабитжан ағайға бұйырды. Қашанда сайысқа дайын тұратын, қайсар жiгiттерiмiз аман болсын!
Пікір 1