» » ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қызылорда облысына іс-сапармен келді

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қызылорда облысына іс-сапармен келді

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Сыр өңіріне іс-сапармен келді. Сапар аясында Сәрсен Абайұлы алдымен облыс тұрғындарымен кездесіп, аймақтың спорт саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Одан кейін вице-министр БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізіп, спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- 2025 жылға дейін 113 жаңа спорт нысаны салынып, жұмыс істеп тұрған 26 нысан қайта жаңғыртылады. Қызылорда облысында 10 спорттық кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Арал ауданы Жақсықылыш және Қамыстыбас ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Қазалы ауданында ангар типті спорттық кешені, Шиелі ауданы Шиелі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және тағы басқалары. Аталған нысандардың құрылысын жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жалпы алғанда, спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында біріншіден, біз еліміздегі барлық спорттық инфрақұрылымға ауқымды түгендеу жүргізу, екіншіден спорт нысандарын санау әдістемесіне өзгерістер енгізу, үшіншіден олардың бірыңғай тізімін қалыптастыру жоспарлануда. Соның нәтижесінде қажеттілігі бар өңірлерде, шалғай ауылдарда аз шығынмен тез салынатын модульдік нысандарды құру жұмыстары жүргізіледі, - деді Сәрсен Абайұлы.

Айта кетейік, облыста 10 мыңнан астам бала мен жасөспірім тегін үйірмелер және 6 мыңнан астам секциялармен қамтылған.
27 сәуір 2023 ж. 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 260

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728