» » Ораза айт – отбасылық мереке

Ораза айт – отбасылық мереке

qarmaqshy-tany.kz Қасиетті рамазан айының бітуіне де санаулы күндер қалды. Әне-міне дегенше қасиетті күнде өте шықпақ. Осы қасиетті айда ұстаған оразамыз қабыл болсын. биылғы жылы ораза айт мейрамы – 21 сәуірге келіп тұр.

Жалпы «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағынаны білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды.

Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті. Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді.

Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудан бұрын құрмадан дәм тату – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы. Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, тілеулестік білдіру – игі амал. Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, балаларға сыйлық үлестіріп, ағайын-көрші, туыс, бауырларды қонаққа шақырып, айрықша көңіл бөлу де – сауапты іс.

Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасына, мешіттерімізде атқарылған ізгі ісшараларға, қайырымдылық акцияларына ауданның жомарт жандары белсенді түрде өз үлесін тигізіп келеді. Қасиетті айтта ауызбіршілікпен үн қосқан барша жандарға Алланың нұры жаусын. Ізгі амалдарыңыздың жақсылығы мен сауабы арта түсуіне тілектеспін.

Жалпы отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш күйбең тіршіліктегі өкпеназды ұмыттырып, мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі. Сондықтан, Алла Тағала ұстаған оразамызды, мұқтаж жандарға үлестірген зекетіміз бен пітір садақамызды, берген ауызашарымызды қабыл етіп, мол сауап жазғай. Әр жан басына берілетін пітір садақасын мешіттерімізге келіп, ата-бабаларына Құран оқытып, беріп үлгермеген жандарға айт намазына дейін беріп үлгерулері керек. Айт намазы 21 сәуір күні сағат 6:30-да оқылады.

Келе жатқан Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала баршамызды келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей.


Өміржан ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
19 сәуір 2023 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 251

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930