» » «Жасыл мектеп» жобасы аясында аудандық семинар өтті

«Жасыл мектеп» жобасы аясында аудандық семинар өтті

https://www.instagram.com/p/CrC6p9Ktw41/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Жасыл мектеп» жобасының эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған «Өскелең ұрпақты өнер мен ғылымға баулу арқылы жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, экологиялық еңбекке үйрету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Райымбаева, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев, «Халық» банкінің аудандық бөлімшесінің басшысы Нұрбол Үсенов аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шырын Наукебаева, мектепішілік ата-аналар кеңесінің мүшелері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер және 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

Семинар барысында оқушылар жылыжайдағы көкөністерді баптап, күткені, гидропоника әдісімен топырақсыз өскен өсімдіктерді, эстетикалық және экологиялық таза мектеп ортасын құру мақсатында жасаған зерттеу жұмыстарымен таныстырып өтті.

Семинарға қатысушылар оқушылардың жылыжай өнімінен ірімшік, қош иісті сабындар, қалдық заттарды қайта өндеген қолөнер жұмыстарымен танысты. Жоба жұмысын жүргізуші оқушылар мен жетекшілер жылыжайды одан әрі дамыту мен өнімдерін кеңейту туралы жоспарларын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, семинарда оқушылардың рухани дүние өрісін сыртқы табиғаттың таңғажайып құбылысымен байланыстыратын театрландырылған қойылым көрсетілді.

Оқушылар «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегісінде және «Табиғатты аялау-адамзаттың борышы» атты сахналық қойылымда ерекше рөлдерді сомдап шығып, семинарға қатысушыларға жақсы әсер сыйлады.

15 сәуір 2023 ж. 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930