» » Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 сәуір күні сізді не күтіп тұр

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 13 сәуір күні сізді не күтіп тұр



Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр?

Қарбалас күн болады. Сізге жоспарларды тез арада өзгерту қажет болады, себебі қарым-қатынаста өзгерістер басталады. Барлығын философиялық тұрғыдан қабылдап, өзгерістерге тез бейімделуге тырысыңыз.
Диета ұстағыңыз келсе - бүгін бұл үшін оңтайлы уақыт емес, зиянды тағамға қайта әуестеніп, өзіңізді сол үшін кінәлі сезінетін боласыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр?

Алғашқы медициналық көмек қобдишасына бір көз жүгіртіңіз: бәлкім кей дәрілердің жарамдылық мерзімі өтіп кетіп, оларды алмастыратын уақыт келген болар.
Жаңа адамдармен танысып, олармен дос болып кетуіңіз мүмкін. Өтініш айтып келгендердің бәрін сабырмен тыңдаңыз. Барлығына көмектесу міндетті емес, бірақ жақсы іс жасау керек.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр?

Көбірек сырласыңыз. Енді сіз басқа адамдардың сезімдерін оңай түсіне аласыз, жақын адамдарыңыздың тілектері мен ойлары туралы болжай аласыз. Сіз тіпті жауыңызбен де тіл табыса алатын жансыз.
Туыстармен қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстаныңыз мәжбүрлемеңіз, сынамаңыз, көбірек тыңдаңыз және шынайы жанашырлық танытыңыз.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін кішкентай кезіңізді еске алып, көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін. Сағынышыңыз туралы ата-анаңызға немесе жақындарыңызға айтыңыз. Мұндай сәттер ұмытылмайды. Қарым-қатынаста шынайы болыңыз, өзіңізді жақсы жағынан көрсетуге тырыспаңыз. Болмысыңыздан алшақтап кетпеңіз.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр?

Үйіңізге жақын жерден аяқ киім жөндейтін дүңгіршектер іздеңіз, жақын арада мұндай дүңгіршектер сізге қажет болып қалуы мүмкін.
Мүмкін болса, күнді өзіңге арнаңыз, жоспарланбаған кездесулерден бас тартыңыз: эмоционалды жеңілдеуді сезіну артық етпейді.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр?

Үйде бәріне үлгергіңіз келсе, FlyLady атты үй шаруасын дөңгелетуге бағытталған арнайы жүйені байқап көріңіз. Жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтына көшуге қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр?

Балаларыңызға қатысты сабырлы, ұстамды әрі шынайы болуға тырысыңыз. Олардың пікірі немесе ойы сізге ұнамай жатса да, қолдаңыз. Қолдауыңыз олар үшін өте қажет. Сүйікті адам романтикаға бейім, сондықтан бүгін ашық болудан, сіз үшін өте маңызды нәрсені талқылаудан қорықпаңыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр?

Бүгін сізді толғандыратын мәселелер бойынша достарыңыздан кеңес сұрауға болмайды. Өзіңізге сеніңіз және өзіңізге уақыт беріңіз, сіз не істеу керектігін білесіз және басқа біреудің пікіріне мұқтаж емессіз. Бүгін кешке достарыңызбен дүкен аралауға тамаша күн, уақытыңызды қызықты өткізесіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр?

Физикалық жүктеме пайдалы болады, бірақ суық тигізіп алмас үшін, ауа райына сәйкес киініңіз. Гардеробыңызды тазартуға және қажетсіз ескі дүниелерден арылуға тамаша күн.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр?

Егер сіз ұзақ уақыт бойы үй жұмыстарына кететін уақытты үнемдеудің жолын іздеп жүрсеңіз - үйіңізді тазалауға күніне 15 минут бөлуге тырысыңыз, сонда сіз үйді түгел тазалау үшін бүтіндей бір күн уақытыңызды жоғалтпайтын боласыз.
Күн күйбең тірлік пен алаңдаушылыққа толы болмақ. Десе де сіз бәрін жеңесіз, ең бастысы дұрыс шешім қабылдау үшін сабырлы болу. Басымдықтар өзгереді, шын мәнінде не маңызды екенін түсіне бастайсыз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр?

Сізді ұзақ жылдар бойы қолдаған достарыңызды бағалаңыз және олардың ескі кемшіліктеріне көз жұма қараңыз.
Жоспарларыңызды жүзеге асыруға ештеңе кедергі болмайды. Күн қиындықтарға толы, бірақ қызықты әрі жемісті болады. Басқа адамдардың өміріндегі мәселелерге белсене атсалысыңыз, сұраған жағдайда кеңес беріңіз. Жаңа бизнеске, келісімшарттарға және сауда-саттыққа ашық болыңыз. Сәттілік серігіңіз болады.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр?

Жаңа хоббимен айналысуға жақсы күн, жаңа бағытқа қызығушылығыңыз оянады.




13 сәуір 2023 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 164
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031