» » Елдің үш өңірінде үсік жүреді

Елдің үш өңірінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі сәуірдің 2-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, бүгін еліміздің басым аумағы антициклон жырасының ықпалында болады. Күн ашық болады. Тек елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына циклон жырасы әсер етіп, онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстігінде найзағай болады.
Республика бойынша еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты жел соғып, оңтүстігінде - шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 30 м/с дейін жетеді.
Түнде Алматы облысында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.
02 сәуір 2023 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930