» » "Қазақ тілі-қасиетім менің"

"Қазақ тілі-қасиетім менің"

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының КОВОРКИНГ орталығында қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында этнос өкілдері арасында "Қазақ тілі-қасиетім менің" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Туған елім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе тілім, менде бірге өсемін, Өшше тілім, мен де бірге өшемін!-деп, ақын Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы,ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Кітапханашы Р.Тұрманова: "Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра"-деді.
Дөңгелек үстелге қатысқан Давлят Тельманов:- "Туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзаттың адал борышы. Сондықтанда біз мемлекттік тілімізді қашанда құрметтеп, қастерлеп, қазақ тілге деген сүйіспеншілігіміз арта беруі керек"-деді. Жас буындар тіл туралы мақал-мәтелдер айтудан өз білімдерін ұштады. Соңында дөңгелек үстелге қатысушылар кітапханада ұйымдастырылған "Мемлекеттің елдігі-тілінде"атты тұрақты кітап көрмесімен танысты.
30 наурыз 2023 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031