» » Ауызбіршілік-береке бастауы

Ауызбіршілік-береке бастауы


qarmaqshy-tany.kz ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауының Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуі-жаныңды жадыратардай әсер қалдырды.
Көше бойлай атқа мінген көкпаршылар да өз таңдауларын жасауға нық сеніммен, ашық-жарқын көңілмен келді. Халық әнін нақышына келтіре шырқаған, ұлттық киімдер киген арбадағы асыл әжелерді инабаттылықпен, ізет көрсете сәлем салып қарсы алған жас келіндер сыйластықты паш еткендей.
Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, сусындардан ауыз тиген ауыл тұрғындарының көңілдері көтеріңкі, еңселері биік. Өйткені олар өз таңдаулары арқылы жарқын болашаққа жол ашты. Ауылдастарыма қарап мен де риза болдым. Өз аулымдағы бұл сайлау әділ,әрі той тәрізді өтті. Сайлаушылар жоғары белсенділік танытты десем де артық айтқандық емес. Оның басты себебі-біздің ауызбіршілігімізде деп білемін. Ал ауызбіршілік деген-бәрімізге белгілі береке бастауы ғой. Өнерлі өлкедегі сайлау науқаны жайлы облыстық телеарналардан көрсетуі де осының айғағы.
Ауызбіршіліктеріңіз, бірліктеріңіз, сыйластықтарыңыз арта берсін!
Мен ауылым үшін мақтанамын!

Жөнейтова Рая Қайырқызы “ҚР құрметті азаматы“ төсбелгісінің иегері.
“Ақжар” ауылы.
26 наурыз 2023 ж. 793 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930