» » Тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2023 жылғы 26 наурыздан 28 наурызға дейінгі кезеңде оң ауа температурасының сақталуына және одан әрі жоғарылауына байланысты Қостанай облысының басым бөлігінде қардың қарқынды еруі, еріген сулардың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендердегі су деңгейінің асуы және тасқын болуы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін.
Температура мен жауын-шашынның жоғарылауына байланысты 2023 жылғы 26 наурыздан 28 наурызға дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген ағынды сулардың пайда болуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте су тасқыны болуы мүмкін.
26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы болады деп күтіледі. Петропавлда 26 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылы болады деп күтіледі.
26 наурызда түнде Маңғыстау облысының батысында тұман түседі.
Ақтауда 26 наурызға қараған түні тұман күтіледі.
25 наурыз сағат 21:00-ден 26 наурыз 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) туралы ескерту сақталады.
25 наурыз сағат 21:00-ден 26 наурыз 21:00-ге дейін Семей қаласында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту сақталады.
Астанада 26 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 наурызда Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан, облыстың солтүстігінен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
26-28 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қарағандыда 26 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
2023 жылғы 24 наурыздан 26 наурызға дейінгі кезеңде Ақтөбе (Қобды, Мәртөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтекеби, Ойыл, Алғын және Ақтөбе аудандары) және Қарағанды (Шет, Ақтоғай) облыстарында қардың қарқынды еруі, еріген ағын судың қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі жалғасады деп күтіледі, бұл ретте өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуі мен төгілулер болуы мүмкін.
26 наурыз 2023 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031