» » Әскери дағдыны қалыптастырудағы тиімді әдіс

Әскери дағдыны қалыптастырудағы тиімді әдіс

qarmaqshy-tany.kz АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ – ЖАСТАРҒА ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ БІЛІМ БЕРУМЕН ҚАТАР ОЛАРДЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ДАЙЫНДАУДАҒЫ БАСТАПҚЫ БАСПАЛДАҚ. ПӘНДІ ОҚУ БАРЫСЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ ҚҮШТЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ, ЖАРҒЫЛАРЫ, ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ, ӘСКЕРИ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС, МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗДЕРІМЕН ТАНЫСАДЫ.
Адамзат баласының қай қажеттілігін алсақ та қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты қару – білім. Сондықтан бүгінгі мектеп – жаңа қоғам мектебі, бәсекеге қабілетті елдің ұрпағы болуы тиіс. Еліміз егемендік алғалы бері білім саласында реформалар жүргізіліп келеді. Ендеше дәл қазіргі таңда мектеп мұғалімі – еркін де белсенді, өз қызметінің нәтижелілігін болжай отырып, тынымсыз еңбек пен төзімді, шығармашылық шабытты серік еткен жаңалыққа жаны құмар жан болуы керек. Өйткені тәуелсіз елдің болашағы жас ұрпақ қолында болса, сол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Қарқынды да жылдам даму үстіндегі жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырған жас ұрпақты бәсекеге қабілетті, әлеуетті, білім мен ғылымның негізін жетік меңгерген әрі алған білім мен білігін қай жерде, қалай жұмсауды білетін, өз бетінше білім алуға бейім жеке тұлғаны тәрбиелеу басты міндеттің бірі.
Алғашқы әскери дайындық пәнін жан-жақты меңгерту мақсатында қазіргі педагогикалық технологияларды, сабаққа қойылатын талаптарды, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамытуға арналған әдістемелерді меңгеруіміз қажет. Баланы отаншылдық рухтағы адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу үшін әр мұғалім білім беру барысында Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөздерін есінде сақтап, шеберлік шыңына ұмтылса деп ойлаймын.
Оқушы бойына әскери-патриоттық білімді қалыптастыруға қажетті білім-білік дағдыларды меңгерудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде «Кембриж әдісі» деген атаумен білім беру жүйесіне енгізіліп жатқанын айта кету керек. Бұл әдіс оқушының тұлғалық қабілетін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлай алатын, дербес әрі өзіне сенімді тұлғаны қалыптастыруда тиімді болмақ.
Дәурен ЖҰБАНЫШЕВ,
№279 мектеп-лицейінің мұғалімі
24 наурыз 2023 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031