Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Рамазан айы 23 наурызда басталады

Рамазан айы 23 наурызда басталады


Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде көшпелі брифинг өтті. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы Болатбек Абуов Рамазан айында өтетін іс-шаралар туралы БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
- Баршаңызды шуақты Әз-Наурыз мейрамымен қатар Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Рамазан – мейірімділік, қайырымдылық айы, айлардың сұлтаны. Биыл Рамазан айы наурыздың 23-і басталып, 29 күнге созылады. Мың түннен де қайырлы Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге сәйкес келеді. ҚМДБ шешімімен жан басына шаққанда пітір садақаның мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Сондай-ақ, мешіттерде ауызашар дастарқаны жайылатын болады. Рамазан – сауап жасау, мол мүмкіндік, рухани тұрғыдан өз-өзіңді жаңарту, жаңғыру айы. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып жатыр. Жағдайы төмен отбасыларға арналған «Отбасылық ауызашар», мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасау мақсатында «Рамазан қоржыны шаралары» жоспарлануда. Мұнан өзге, «Рамазанда бір тал ек», «Көршіңе қарайлас» акциялары ұйымдастырылып жатыр деді,- Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.
@ Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 наурыз 2023 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031