» » Қолөнер шеберлерінің көрмесі

Қолөнер шеберлерінің көрмесі

qarmaqshy-tany.kz ҚОЛӨНЕР – ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕҢ БАЙЫРҒЫ САЛАЛАРЫНЫҢ БІРІ. ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ӨНЕР РЕТІНДЕ ҰРПАҚТАНҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН САЛАНЫ ДӘРІПТЕП, ОНЫ КЕЙІНГІ ЖАСТАРҒА ҰЛАҒАТТАП ҚАЛДЫРУ – БҮГІНГІНІҢ МІНДЕТІ. ОСЫ МАҚСАТТА АУДАНДЫҚ ТАРИХИӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНДЕ АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ.
Бабадан қалған ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында ұйымдастырылған тағылымды іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысты. Аудан басшысы бірінші кезекте қолөнер жәрмеңкесін тамашалап, жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтады.
Іс-шарада аудан қолөнершілерімен қоса өздерінің қолдан жасаған бұйымын ала келген шеберлердің туындысы келушілерді тәнті етті. Атап айтар болсақ, Алматы облысынан келген Қырғауыл Кәкейқызының терме баулары, ұршығынан шыққан қолөнер бұйымдары мен Арыс қаласынан келген Ердәулет Жақаншаның былғары теріден жасалған төл туындылары көздің жауын алды. Сондай-ақ, ауданның шеберлерінің қолынан шыққан тоқыма бұйымдары мен суреттері қалың көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Жиында сөз алған аудан әкімі Наурыз мейрамының бастауындай болған мерекеде ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізді жаңғыртудың маңызы зор екендігін айта келе еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қолөнер шеберлеріне және ауданда ерекше балалардың шығармашылығын шыңдау бағытында атқарған еселі еңбегі үшін Бақыткүл Сейіткәрімқызына айрықша алғысын жеткізіп, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі ғимаратының мәселесін шешіп беретінін айтып, жақсы жаңалықпен қуантты. Сондай-ақ, ұлттық қолөнерді дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматты Алғыс хатпен марапаттады.
Одан соң, ұлттық дизайн академиясының академигі, үлгілі ұстаз Қырғауыл Кәкейқызы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағанбетұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы мерейлі мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, қолөнер шеберлеріне деген ыстық ықыластары мен ізгі лебіздерін білдірді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
20 наурыз 2023 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031