Қармақшы ауданында амал күніне орай ұлттық қолөнер көрмесі өтті
qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудандық тарихи-өлкетану мұражайында Амал мерекесіне орай республикалық деңгейде ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.
Бабадан қалған ұлттық қолөнерді дамыту мақсатында ұйымдастырылған тағылымды іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысты.
Алдымен, аудан басшысы «Атадан қалған мұра» атты қолөнер жәрмеңкесін тамашалап, жиналған жұртшылықты Амал мерекесімен құттықтады.
Аудан әкімі өз сөзінде Наурыз мейрамының бастауындай болатын мерекеде ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңызы өте зор екендігін айта келе еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қолөнер шеберлеріне және ауданда ерекше балалардың шығармашылығын шыңдау бағытында атқарған еселі еңбегі үшін Бақыткүл Кәртайқызына айрықша алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, ұлттық қолөнерді дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марпаттады.
Одан соң, ұлттық дизайн академиясының академигі, үлгілі ұстаз Қырғауыл Кәкейқызы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағамбетұлы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Төлегенқызы мерейлі мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, қолөнер шеберлеріне деген ыстық ықыластары мен ізгі лебіздерін білдірді.
https://www.instagram.com/p/CpxThgUJwrY/?utm_source=ig_web_copy_link