» » Наурыз береке бастауы

Наурыз береке бастауы

qarmaqshy-tany.kz Бүгін 17 наурыз күні ІІІ Интернационал ауылдағы "Достық" бөбекжай бақшасына барып "Наурыз береке бастауы"тақырыбында этнографиялық сағат өткізілді.
Кітапханашы Р.Тұрманова кітапханадағы "Дәстүріңді сақтай біл", "Қазақтың салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары", "Ханталапай", "Жаңғырған салт дәстүрлер", "Қазақтың отбасылық дәстүрлері", "Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, "Беташар", "Күйеу келтір, қыз ұзат", "Жеті қазына" тағы да басқа Наурыздың тойлануына, Наурыз мерекесіне арналған кітаптармен таныстырылды. Қатысқандар қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғыларын, тұрмыс-тірліктері туралы өздерінің ойларын айтып, кішкентай балаларға тілектерін жеткізді.
Салт-дәстүрлерімізді кең насихаттау біздердің басты мақсатымыз болып табылады.
Табиғат-анадан ешқашан кіндігі ажырамаған көшпелі қазақтың салт-дәстүрінде адамның дүниеге келуі де, ғұмыр кешуі де, тіптен дүниеден өтуі де өзінше бір той-салтанат ретінде көрініс табуының өзі бір кездегі мәдени өрлеудің, іргелі ел, мемлекет болғандықтың белгісі болса керек.
17 наурыз 2023 ж. 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 295
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 445

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30