» » Ұлттық басылым күнін атап өту ұсынылды

Ұлттық басылым күнін атап өту ұсынылды

Қазақстанда 2 ақпан - Ұлттық басылым күні мерекесі болып бектілуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
«Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның 2023 жылғы 13 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» деп атап өту ұсынылды. Осыған байланысты Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесінің құрылымына жаңа мерекелік күн, 2 ақпан – Ұлттық басылым күні енгізіледі», делінген қаулы жобасында.
Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама бұқаралық ақпарат құралдарының маңызын айқындап, сала қызметкерлерін ынталандыру мақсатында ұсынылғаны жазылған.
«28 маусым - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні, 2021 жылдан бастап 1 қазан - радио қызметкерлері күні деп белгіленді. Бұл дәстүр БАҚ-тың маңызын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты елдерде дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор», деп түсіндірме берілген қаулыға.
Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін Ашық НҚА порталында талқылау үшін қолжетімді болады. 


15 наурыз 2023 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 500

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930