» » Аналарға сый құрмет

Аналарға сый құрмет

qarmaqshy-tany.kz Тұрмағамбет ауылында "8 наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай «Тұрмағамбет » ЖШС және «Әділет Жер LTD» ЖШС өз ұжымдарындағы аналарға сый құрмет көрсетті.
Мерекелік шараға Дауылкөл ауылдық округі әкімі М.Алдамұратов қатысып, аналар мен қыз келіншектерді төл мерекесімен құттықтады. «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Н.Пірмантаев орталық тойханаға мерекелік дастархан жайып, ақ жаулықты аналар мен ауыл ақсақалдарын шақырып, мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын табыстап, ауыл ақсақалдарының ақ батасын алса, «Әділет Жер LTD» ЖШС директоры Е.Бисембаев аналар мен қыз келіншектерді ауыл клубына шақырып, мерекелік сыйлықтарын табыстады және аналарға арнап ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұластырды. Бүгінгідей төл мерекеде өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке ауылымыздағы ақ жаулықты аналарымыз ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыстарын айтты. Мерейлі мерекеде ауылымыздың ақ жаулықты аналарына құрмет жасап жатқан шаруашылық басшыларына алғыс білдіреді.
07 наурыз 2023 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 128
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 323

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031