» » Мемлекеттік сатып алуда жергілікті кәсіпкерлерге басымдық берілетін болады

Мемлекеттік сатып алуда жергілікті кәсіпкерлерге басымдық берілетін болады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы № 225 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, жұмыстарды орындау орны бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуетті өнім берушінің болуы үшін 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріліп, жеңімпаздарды анықтауда жергілікті кәсіпкерлерге басымдық берілетін болады.
Нәтижесімен басқа өңір кәсіпкерлерінің мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жету мүмкіндігін азайтып, жергілікті кәсіпкерлердің дамуына және облысымызға салық түсімдерінің ұлғайтылуына мүмкіндік береді.
Бұл талап 400 мың АЕК-тен (2023 жылы - 1 380 млн.теңгеден) аспайтын құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылысқа байланысты емес жұмыстарды (техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ объектілер құрылысы жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптау жөніндегі жұмыстарды қоспағанда) мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
Келесі өзгеріс ол, әлеуетті өнім берушіде ағымдағы қаржы жылында жасалған әрбір мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуында болғаны үшін жалпы шартты жеңілдіктен 0,1% шегеру.
Нәтижесінде, өндірісінде аяқталмаған шарттары бар мердігерлердің жеңімпаз болу мүмкіндігі азаяды. Бұл, жұмыстарды немесе қызметтерді әлеуетті өнім берушілер арасында тең бөлуге және өз мерзімінде орындауға ынталандырады.
Бұл талап құрылыс-монтаждау жұмыстарын, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша жұмыстарды, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерді (техникалық қадағалау, жобаны басқару) мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

06 наурыз 2023 ж. 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031