Топ-баннер
» » Облыс әкімі ҚР энергетика вице-министрімен кездесті

Облыс әкімі ҚР энергетика вице-министрімен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновпен кездесіп, аймақтағы мұнай, газ, уран өндіру саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуде аймақ басшысы Энергетика министрлігіне қосымша ұсынылған өңір үшін маңызы зор газдандыру жобаларына қолдау көрсетуді, «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының Сыр өңіріне қайырымдылық мақсатқа бағытталған қаржыландыруын ұлғайтуға ықпал етуді сұрады.
Өз кезегінде Энергетика министрінің орынбасары алдағы уақытта да өңірдегі жүзеге асырылатын жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, жексенбі күні Асхат Хасенов Жаңақорған ауданындағы «Байкен-U» ЖШС-не тиесілі «Хорасан-2» кенішіне барып, қызметкерлердің тұрмыстық жағдайымен танысты, өндірістік алаңдағы цехтар мен қоймаларды аралады.
Бүгін Энергетика вице-министрі уран өндіруші кәсіпорындармен мәжіліс өткізіп, геологиялық барлау жұмыстары мен газ өндіру мәселелері бойынша кеңеске қатысты, облыстық телеарнаға сұхбат берді.
Ертең вице-министр Асхат Хасенов «Достық үйінде» тұрғындар мен коммерциялық емес ұйым өкілдерімен кездесіп, жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг бермек.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

28 ақпан 2023 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728