» » «Жолда заң бұзғандар жазадан құтылмайды»

«Жолда заң бұзғандар жазадан құтылмайды»

qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысының ұсынысымен Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қолданылар жаза түрлерінің қатаңдатылған белгілі.
Қармақшы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың ақпан айының 20-24 күндері аралығында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған, оның ішінде: мас күйде көлік құралдарын басқару, жылдамдық режимі, басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды пайдалануға бағытталған «Қауіпсіз жол» іс-шара өткізілуіне орай, құқық бұзушылықтың бірін Қармақшы аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады.
Атап айтқанда, тәртіп сақшылары 21.02.2023 жылы сағат 19:00 шамасында Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі бойында өз басқаруындағы «Volkswaqen Passat» басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін Жосалы кентінің тұрғыны «Ж.Х.» есімді азамат анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа құжаттары жолданды.
Өз кезегінде Қармақшы ауданының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Сондықтан барынша абай болыңыздар.

Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі

24 ақпан 2023 ж. 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031